26
тамыз
2024
"Ата-заңды білесің бе?"
"Ата-заңды білесің бе?". 2-11 сынып жетекшілері Zoom платформасы арқылы тәрбие сағаттарын өткізді. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен
тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.