28
мамыр
2022
Референдум - 2022
2022 жыл – жаһандық саяси реформалар мен өзгерістер жылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі кеңесте Екінші республиканың пайда болу процесін белгіледі. Ал заң жобасының белгіленген талаптарға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қарады.
Конституциялық реформа қоғам мүддесі үшін жүргізіледі. Президенттің бұрын конституциялық және заңнамалық тұрғыдан белгіленген мемлекетті басқарудағы абсолютті үстемдігінен өз еркімен бас тарту фактісінің өзі қазіргі Мемлекет басшысына құрмет пен сенім тудырады.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы Конституция мәтініне жер мен оның жер қойнауын ха¬лықтың меншігіне беруді көздейтін түзету енгізу туралы ұсынысқа бастамашы болды. Бұл ұсыныс – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірінің пайда болуының айғағы. Себебі Конституциялық ке¬ңестің қорытындысында: «Конституциялық құндылықтардың көпшілігі бүкіл конс-титуциялық кеңістіктің одан әрі демократиялық эволюциясын тұрақтандыру үшін алғышарттар жасайды» деп атап өтілді.
Түзетулердің азаматтар үшін қосымша конституциялық кепілдіктерін бекітуге, сондай-ақ олар¬дың құқықтарын қорғау институтын күшейтуге бағытталғанын ескере отырып, Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша Қазақстанда референдум өткізу туралы бастамасы қолдау тапты. Республикалық референдумда дауыс беру арқылы елдің Негізгі Заңына өзгерістер енгізудің демократиялық әдісі неғұрлым тиімді болады.
#8мектеп #NewKazakhstan #CCS