15
мамыр
2022
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Балалар жылы аясында, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні қарсаңында мектебімізде «Менің отбасым» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағат барысында оқушылар өз отбасы туралы айтып, викториналық ойын ойнап, отбасы құндылықтары туралы білімдерін тереңдетті. Сондай-ақ 12 мамыр күні мектепте ата-аналармен «Отбасы – мектеп – оқушы», «Ананың бала тәрбиесіндегі маңызы өте зор» тақырыптарында тренинг және «Біз - тату отбасымыз» атты жанұялық спорттық эстафета өтті. Бастауыш сынып оқушылары қатысуымен«Менің отбасым – менің қуанышым» тақырыбында фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.