Алаяқтар қандай жаңа қулықтарға көшті » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №8 имени Н.Островского
отдела образования по городу Талдыкурган
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7282) 41-54-93
Бухгалтерия
+7(7282) 41-12-32
Версия для
слабовидящих
06
желтоқсан
2022

Алаяқтар қандай жаңа қулықтарға көшті

Алаяқтар қандай жаңа қулықтарға көшті

Fingramota.kz қаржылық алаяқтық кейстерін талдауды жалғастырады және қаскүнемдерге қалай қарсы тұруға болатынын және олардың қармағына түспеу жолын айтып береді.

Алаяқтар өзін қаржы реттеушісінің қызметкері ретінде таныстырады!

Қаскүнемдер кез келген ақпаратты өзінің арам пиғылын іске асыру үшін пайдаланады, олар БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды үнемі қадағалап отырады. Алаяқтар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметі туралы да хабардар. Енді олар азаматтарға өздерін қаржы реттеуші ретінде телефон арқылы таныстырып, хабарласа бастады. Схема қорқыту, жеке және төлем деректерін хабарлауға не қаражатты олардың шотына аударуға мәжбүрлеу арқылы жүргізіліп отыр. Біздің пайдаланушылардың бірі осы схема туралы Агенттікке ресми кері байланыс арналары арқылы хабарлады:    

«Қайырлы күн! Маған хабарласып, ҚР қаржы реттеушісі, ҚНРДА атынан қоңырау шалып отырғанын айтты. Бұл алаяқтар болуы мүмкін бе? Қоңырау шалушы өзін Максим Фролов ретінде таныстырды, мен бұған дейін де алаяқтарға сеніп, біраз ақша жоғалтып алған едім, нәтижесінде кредит мойнымда қалған еді. Бұл адам ҚНРДА менің ісімді тексеріп жатқанын және осыған ұқсас бірнеше  шағымдардың келіп  түскенін айтты...  Содан кейін ол маған WhatsApp-қа жаза бастады, алаяқтарға жіберген барлық чектерді жіберуімді талап етті». Қаскүнем қорқыту арқылы сұратылған ақпаратты алуға тырысқаны анықталды. 

Біздің оқырман жүгінген Fingramota.kz-тің жоба қызметкерлері бірден жауап берді, олардың қаржы алаяқтары болып келетінін растады және олармен хат алмасуды тоқтатуға, сондай-ақ кез келген басқа тәсілмен байланысқа шықпауға кеңес берді.

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері жеке және төлем деректерін ұсыну немесе қауіпсіз шоттарға ақша аудару мақсатымен азаматтарға өздері телефон соқпайды! Азаматтардың Агенттікке келіп түсетін ресми өтініштерінде  Қазақстан Республикасының Администрация рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес барлық қажетті ақпарат көрсетілген. Сондай-ақ қаржы реттеушісінің өкілдері  бөтен логотиптерді, аватаркалар немесе анонимді аккаунттарды пайдаланумен пайдаланушылармен хат жазыспайды.
 
Наш адрес
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев улица, 131 дом

©2016-2020, Ресми сайт «Коммунальное государственное учреждение Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «отдела образования по городу Талдыкурган» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru