"Бұрымды қыз" арулар байқауы
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 8-10 сынып оқушылары арасында "Бұрымды қыз" байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу; шаш күтімі мен тазалыққа баулу.