8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында қашанда нәзік жандылардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Әйел өзінің табиғатынан - ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Қазақ халқы «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл - қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек