21
желтоқсан
2023
Құқықбұзушылықтың алдын алу
2023 жылдың 8 желтоқсанда "Н. Островский атындағы N8 орта мектеп" КММ -де 1-11 сынып ата -аналарына мектепішілік жиналыс өткізілді. Жиналыста кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы жыныстық қарым-қатынастың алдын алу мақсатында мектеп директоры С. Долаев, ДТІЖО А. Мучураев, Жетісу облысының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары А. Белгибаева және мектеп инспекторы А. Куралева құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар мектеп психологы Т. Соколовская, " Ерте жыныстық қатынас және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында баяндама оқып, видео көрсетіп және ата-аналарға ұсыныстар берді.