02
қыркүйек
2022
Құқықтық тәрбиенің басталуы
01.09.2022 жыл № 8 орта мектепте 1 қыркүйек «»Білім күніне» орай 9-11 сынып оқушыларына Жетісу облысы Талдықорған ҚПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Каптагаев Ұлан «Жалпы құқықтық білім беру» бағытымен «Қылмыстық жауаптылықтың жасы», «Есірткі қылмысының алдын алу», «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады?» тақырыптарында лекция оқыды. Главная мақсаты: жасөсіпірімдер арасында қылмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларға құқықтық білім беру, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау. Лекция барысында қазақ және орыс тілінде, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Талдықорған ҚПБ ЖПҚ ЮПТ-ның учаскелік инспекторы полиция капитаны Барысов Ш.Қ. оқушыларға түнгі уақытта жүру қауіптерін, жауапкершіліктерін қайта естеріне салып, түсіндіріп өтті. Директордың тәрбие орынбасары Калиева Н.О Оқу жылының басталуына орай , мектепке қарай, мектептен үйге қайту жолында Жол ережесін сақтап жүруді қатаң ескертіп өтті.