07
қараша
2024
Мектеп Президенті мен Парламентімен кездесу
Мектебіміздің директоры С.Долаев Мектеп Президенті мен мектеп белсенділерінен құралған мектеп Парламентін қабылдады. Мекеме басшысы парламент жұмыстарына алдағы оқу жылындағы жұмыстарына сәттілік тілеп, өз қолдауын білдірді. Айта кетсек, қазан айында мектебімізде президент сайлауы болып, 10 "А" сынып оқушысы Тұрсын Эльмира мектеп Президенті болып сайланған болатын. Сонымен қатар, өзін-өзі басқару ұйымының министрлері де төсбелгілерін алып, жұмыстарын бастады.