"Тарихи өлке - Текеліге саяхат!"
“Балажан” науқаны аясында ата-аналардың еріктілік қызметі ұйымдастырылуда. Осыған орай мектебіміздің 8 “Ә” және 10 “А”, “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшілері А.Турарова, Б.Сағадиеваның бастауымен және ата-аналардың қолдауымен Текелі қаласына саяхатқа барды. Балалар әсем табиғат пен қала көрнекіліктері - ескерткіштер мен Текелінің тарихи жерлерін аралады. Сонымен қатар, сан ғасырдан бері сақталған өлке құндылықтарының тарихымен танысты.