"Истоки" туристік-өлкетану клубының кезекті саяхаты
"Истоки" туристік-өлкетану клубымен 5-6 сынып оқушыларына арналған қызықты спорттық туристік саяхат өткізілді. Туристік саяхат Қызылтас тауларында ұйымдастырылды. Оқушылар туған өлкенің өсімдік әлемімен, рельефімен, тау жыныстарымен танысты. Сонымен қатар оқушылар тау туризмінің техникасы мен тактикасы бойынша жаңа дағдыларға ие болды.