"Қазақ тілінің мәртебесін көтерудің ең үздік механизмі" атты дебат
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Қазақ тілінің мәртебесін көтерудің ең үздік механизмі" атты дебат ойыны өтті. Қатысқан оқушылар: Бейсенбекова Зарина, Шаймерден Медина, Нұрлыбай Айғаным, Тұрсын Эльмира. Мақсаты: қазақ тілі мәртебесі тақырыбында ой бөлісу; сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту. Жауапты мұғалімдер: Омарханова Шынар Сериковна; Рахатова Асем Болатовна.