"Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі"
Мектебімізде "Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі онкүндігінің ашылуы салтанатты түрде аталып өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Мерекелік шарада оқушылар тіл туралы жыр шумақтарын оқып, ақын-жазушылардың нақыл сөздерін жатқа айтып, ән шырқады. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы бір көз жеткіздік.