29
сәуір
2024
"1 мамыр - Ынтымақ күні мерекесі" қарсаңында "Бір шаңырақ астында" фестивалі өтті
Мектебіміздің педагог-ұйымдастырушылары А.Турарова мен А.Алтыбайдың ұйымдастыруымен 1-мамыр Ынтымақ пен Бірлік күніне орай 5-7 сынып параллельдері арасында “Бір шаңырақ астында” фестивалі өтті. Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың,өнері,оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып,өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып жетекшілері мен оқушыларымыз жоғары деңгейде дайындалып, үлкен жауапкершілік көрсетті.