08
мамыр
2024
"Ұлағатты ұстаз Болат Бишайұлын еске алуға арналған волейбол турнирі"
Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшылығымен "Н.Островский атындағы №8 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекесінде "Талдықорған қаласының бұқаралық-спорттық іс шаралар өткізу орталығының" қолдауымен Талдықорған қаласының орта мектептерінің ер мұғалімдері арасында ұлағатты ұстаз, білікті басшы Тойбазаров Болат Бишайұлын еске алуға арналған волейбол турнирі өтті. Турнирге қаланың 8 мектебінен ұстаздар қатысты. Ойын көрсеткіштердің нәтижелеріне сәйкес Н.Островский атындағы №8 орта мектеп ұжымы командасы топ жарып шығып, жүлделі І орынды иеленді.