"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай мерекелік концерт » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай мерекелік концерт
07
наурыз
2024

"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай мерекелік концерт

Бүгін мектебімізде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана деген - махаббат" атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында мектеп директоры С.Долаев ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай отыра, алғыс хаттар мен арнайы грамоталармен марапаттады. Концерттік бағдарламаға сәйкес оқушыларымыз аяулы ана жайлы ән шырқап, өлең-жырларын оқыды. 11 "А", "Ә" сынып оқушылары жүрек тебірентерлік көрініс пен бүлдіршіндермен "Ана" әнін хормен орындады. 11 "В" сынып оқушылары танымал әндерден попурри айтып, көңілдерді бір сергітті. Сонымен қатар, кішкентай биші-ханшайымдарымыз испан биін биледі. Мерекелік іс-шара барша әйелдер қауымына ерекше әсер, шаттық пен қуанышқа толы көңіл-күй сыйлай білді. Концерттің ұйымдастырылуына ат салысқан барша ұстаздар мен оқушыларға мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс айтамыз!
"8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай мерекелік концерт



Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru