04
наурыз
2024
Мектебімізде Облыстық семинар өтті
Мектебімізде "География пәнін оқытуда күрделі мақсаттарға тиімді әдістер арқылы жету" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Сарқан, Алакөл, Кербұлақ, Ескелді, Ақсу, Панфилов, Қаратал аудандары, Талдықорған мен Текелі қалаларының мұғалімдері қатысты. Мектебіміздің "Жаратылыстану" пән бірлестігінің ұстаздары, география пәнінің мұғалімдері А. Турарова, Е.Захарова, Г. Берикова ашық сабақтар мен шебер сыныптар көрсетіп, тәжірибе таратты. Облыстық әдістемелік кабинеттің әдіскері Ғ. Дихамбаев аталған іс-шараны жоғары деңгейде бағалап, мектебіміздің ұстаздары мен тәжірибе таратқан басқа да ұстаздарға алғыс айтып, сертификаттармен марапаттады. Ауқымды шараға ат салысқан барша ұстаздар мен оқушыларға мектеп әкімшілігі алғыс білдіреді!