Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне қолдау
Бүгін, яғни 2022 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәжілісте мәлімдеме жасады. Ел Президентінің елімізді дүрбелеңге түсірген қайғылы да келеңсіз жайттарға байланысты қабылдаған батыл қадамдарына өз ризалығымызды білдіреміз. Ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап қалудағы қосқан үлесі үшін барша Қазақстандықтарға, соның ішінде Талдықорған қаласының азаматтарына алғысымыз шексіз.
ҚР Президенті өз баяндамасында Білім саласына қатысты тапсырмалар, жасалынатын жұмыс жүйесін нақтылап берді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазіргі кезде гуманитарлық мамандықтар дәурені өткендігін, техникалық білімге басты назар аудару керектігін, осы бағытта гранттар санын арттырып, білікті мамандар даярлануы қажеттігін баса айтты. 2025 жылға дейін елімізде техникалық бағытта бірқатар шетел университеттерінің филиалдарын ашу қажеттігін атап өтті.
Осы орайда, біз, педагогикалық ұжым мүшелері, өз білімімізді, күш-жігерімізді Қазақстан Республикасының болашағы – Жастарға қажетті деңгейде білім беруде, өз ұлтының нағыз патриоты болуға тәрбиелеуде атсалысамыз.