21
наурыз
2022
Наурыз - 2022
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен қарсы алады.
Наурыз мерекесі- өте ерте кезден бастап, тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс тіршілігіне байланысты мереке. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі «нау»-жаңа, «рыз» күн деген. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні»- деп атаған.
Бүгінгі көктем күнінде Н.Островский атындағы #8 орта мектептің ұжымының ұйымдастырылуымен мектеп ауласында Әз-Наурыз мерекесі тойлануда. "Әз-Наурыз салт-дәстүрдің жаңғырығы" тақырыбы аясында қыз ұзату, бесікке салар, ат қою, шілдехана сияқты қазақтың көне ырымдары көрсетілуде. Мереке сценарийіне сәйкес мектеп ауласында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, алтыбақан орнатылды. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасады.
Жаңа жыл келсе – құт келгені халайық! Есік ашып , ел боп қарсы алайық ! Осы мерекеге арналған
Н.Островский атындағы 8 орта мектептің ұжымы баршаңызды мерекемен құттықтап дендеріңізге саулық, жан ұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейді. Жаңа жыл сіздерге бақ сыйласын!