11
қыркүйек
2024
Бракераждық комиссия өз жұмысын бастады
Мектебімізде оқу жылының басталуымен оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету басталды. Асхананы жалға алушы - ИП Кусманов. Қыркүйек айында мекеме басшысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, медбике мен әлеуметтік педагог, сонымен қатар ата-аналардың қатысуымен бракераждық комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Комиссия мүшелері асханада балалардың отырғызылуы мен күнтізбелік менюды және тағам сапасын тексерді. Айта кететіндей, күнделікті мектеп медбикесі Р.Омарова тағам сапасы мен құмарын бақылап отырады. Асхана қызметкерлері ұқыпты, таза, әрі асханада барлық санитарлық талаптар сақталған.