30
қаңтар
2024
Абайдың қара сөздері - тәрбиенің қайнар көздері
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері - Жапсарбаева А., Сапарғалиева Ұ. ұйымдастыруымен "Абайдың қара сөздері-тәрбиенің қайнар көздері" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға орта буын және жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Абайдың қара сөздерін оқи отырып, тәлім-тәрбиелік мәнін ашу. Оқушылар Абай атамыздың қара сөздерін QR арқылы ашып оқыды, мән-мағынасын айтты, өз ойларын білдірді. Ұлы ақынның қара сөздері адамзатқа рухани азық, ерекше тәлім береді, адамгершілікке үндейді. Ұлы данышпанның ұлағатымен ұрпағымызды сусындата берейік.