26
қаңтар
2024
Онкүндік аясындағы ашық сабақтар
"Қазақ тілі мен әдебиеті" әдістемелік-бірлестігінің онкүндігінде Жиенгельдиева Аида Оралбековна 4 "В" сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Сабақ нәтижесінде оқушылар тыңдалған материалдар бойынша сұрақтарға жауап беріп, сюжеттік даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырды. Айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді дұрыс ажырата білді. Педагог-зерттеуші өз сабағында түрлі әдістерді қолданып, сабақ мақсатына айқын түрде жетті. Сабаққа кері байланыс беріліп, рефлексия жүзеге асты.
#НОстровский_атындағы_8_орта_мектеп
#тілмемлекеттіңтұғырлытірегі
#НОстровский_атындағы_8_орта_мектеп
#тілмемлекеттіңтұғырлытірегі