19
қазан
2023
Қалалық емхана дәрігерлерімен кездесу өтті
Қалалық емхананың дәрігері А. Смагулова «Жедел респираторлық-вирустық инфекция және қызылша» тақырыбында және облыстық санитарлық ағарту жұмыстары жөніндегі үйлестіруші М. Базарбаев «Түбіркүлез» тақырыбында мектептің 8-9 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түбіркүлез ауруынан қалай сақтану керектігі туралы бейнебаян көрсетілді. Осы аталған аурулардың алдын алу үшін таза ауада көп жүріп, спортпен шұғылданып, уақытымен және дұрыс тамақтану керектігі жайлы айтылды. Ал оқушылар өз тараптарынан дәрігерлерге сұрақтарын қойып, жауап алды.