09
қазан
2023
5 қазан - Мұғалімдер күні
Н.Островский атындағы №8 орта мектепте "Мұғалімдер күніне" арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға мектебіміздің ардақты да, аяулы ардагер ұстаздары да шақырылды. Жиынды мектеп директоры Самғат Долаев өз құттықтау сөзімен бастады. Мерекелік жиында мектебіміздің ұлағатты ұстаздары алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар өз тараптарынан ұстаздарға ән айтып, алғыстарын білдірді.