18
қараша
2021
Мектебіміздің спорт жетістіктері
Абу-Дабиде Fighting, Ne-waza, Duo System бөлімдерінде джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Турнирге 65 ел және 1500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында өнер көрсеткен Алматы облысының спортшылар қатарындағы, «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ 11 «А» сынып оқушысы, Есмұрат Мақсат күміс жүлдегер атанды. Мектеп әкімшілігі Мақсатты құттықай отырып, бұдан да биік белестерді алуына тілек білдіріп отыр.