1 қыркүйек – Білім күні » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2024

1 қыркүйек – Білім күні

2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Міндеттері:
– білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
– қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.
Шараға шақырылған қонақтар:
1. Талдықорған қаласының әкімі - Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы;
2. Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы - Шарипбаева Шынар Жусиповна
3. Жетісу облысы аймақтық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы – Төлепбергенов Меліс Құлмұхагұлы
4. «Әдеп – тәрбие жөніндегі ментор» - Ашимова Динара Ибрагимқызы.
Мектеп директоры С. Долаев пен қала әкімі Е.Бәзіл сөз сөйлеп, мектеп оқушылары мен ұжымын, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Шарадан кейін қонақтар оқу кабинеттерін аралап, 1 және 11-сынып оқушыларымен кездесіп, өз тілектерін білдірді.




Похожие публикации:

Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru