"Ата-баба дәстүрі. Бүгінгі күннің батырлары" » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-баба дәстүрі. Бүгінгі күннің батырлары"
17
мамыр
2024

"Ата-баба дәстүрі. Бүгінгі күннің батырлары"

Бүгін мектебімізде "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұстаздарының ұйымдастыруымен "Бүгінгі күннің батырлары" тақырыбында маңызды іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыту, батырлық бейнесіне жетелеу. Бабалар тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіру, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар бүгінгі күннің батырлары - дәрігерлер, әскер қызметекерлері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, шекарашылар, ұстаздар, спортшылар және тағы басқа маңызды кәсіп иелерінің еңбегіне құрмет таныта отыра, шәкірттеріміз көрініс, ән, спорт, еркін микрофон түрінде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сонымен қатар, мектебімізден шыққан бүгінгі күннің батырлары - өрттен құтқарған №24 автобус жүргізушісі Қуатқали Елнұр, су ажалынан қаршадай бүлдіршіндерді құтқарып қалған Мамырбеков Мадияр мен Әлем аренасында көк туымызды желбіретіп жүрген әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпиондары Сарсенұлы Самат пен Сарсенұлы Санат арнайы қонақ ретінде шақырылып, сұхбат берді. Бүгінгі күннің батырлары жүрекжарды тілектерін айтып, мектеп ұжымы мен сынып жетекшілеріне берген тәрбиелері мен тәлімдері үшін алғыстарын білдіріп, шаршы алаңдағы сезімдерімен бөлісті. Шараға қатысушы ардагерлер өздерінің рухани демалғандарын айтып, бүкіл мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. 

Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru