14
сәуір
2024
"География патшасы" интеллектуалды ойыны
Жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығында география пәні мұғалімі Турарова А.А. мұғалімдер мен оқушылар тобынан құралған командалар жарысатын "География патшасы" атты интеллектуалды ойын-жарысын ұйымдастырды. Ойынға 3 команда: "Парадокс", "Комета" және "Максимум" қатысты. Командаларға 3 түрлі "Оңай", "Орташа", "Қиын" деңгейде география және әлемтану бойынша сұрақтар қойылды. Әр команда жауаптың дұрыс нұсқаларын қағазға жазу арқылы тауып отырды. Сұрақтардың қиындығына орай балл саны да белгіленіп берілді. Ойын нәтижесінде 160 ұпай көрсеткішімен "Комета" тобы І орынды иеленді. ІІ орынды "Максимум" алса, сәйкесінше ІІІ орын "Парадокс" тобына бұйырды.