03
сәуір
2024
"Әрбір бала – жарық жұлдыз". Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кармисова Камилла Эльчибаевна ата – аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру мақсатында "Әрбір бала – жарық жұлдыз" тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарына сабақ өтті. Сабақ кезінде ата-аналар өз баласының ерекше жақтарын дамытуға деген ынтасын арттыру, балалар темпераментінің түрлері мен оларға сәйкес мінез – құлықтары туралы түсініктерін кеңейту, мектеп педагогтерімен бірге баланың жеке басының күшті жақтарын анықтауға және дамытуға бағытталған дағдыларын меңгерді.