«Нашақорлық – ғасыр дерті" » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
наурыз
2023

«Нашақорлық – ғасыр дерті"

Ақпан айының жиырма төртінші жұлдызында «Н.Островский атындағы 8 орта мектебімізде» үлкен іс-шара өткізілді. «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шара жалпы мектеп ұжымын, оқушылар мен кәсіби мамандарды қамтыды. Бұл байқаудың тұсауын кесіп, мектептер арасында алғаш болып өткізген – біздің білім ордамыз. Көрермен назарына ұсынылған тың тақырып – «Нашақорлық – ғасыр дерті". Соғыссыз, ешбір қарусыз жастардың өміріне еніп, жасөспірімдердің болашағына зиянын тигізіп, қоғамды өз артынан елірте отырып өзінің кері әсерін тигізіп жатқан зиянды өнімдерді мектеп оқушыларымен талқылау үлкен жакапкершілікті талап етеді. Айдаһардың үш басындай арақ,темекі және наша-ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып,қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізеді. Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүние жүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын іздеуде. Елімізде де нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасының басты мақсаты да осы: оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңдіру, үлкенді сыйлай білуге, салт-дәстүрімізді қадірлей білуге баулу, оқушылардың салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Кезекті іс-шарамыздың аумақты болуы әділ-қазы ардагер ұстаздар мен арнайы қонақтарымыздың арқасы. Арнайы әділ-қазылар мүшелері: «Қалалық Ардагерлер кеңесінің» төрағасының орынбасары - Қожабеков Мұратбек Қабылбекұлы, Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі комиссия төрайымы – Каримова Гүлнар Ақойқызы, Әжелер төрайымы - Шаңғожанова Нұртай Уалиқызы, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі - Исмайлов Құрмаш және Комиссия мүшесі - Сейтқұлова Данегүл Рахымқызы. Cонымен қоса, Жетісу облысының Психикалық денсаулық орталығының наркология бөлімінің нарколог – дәрігері Молдаханов Еркебулан Серикұлы қатысып, кәсіби тұрғыдан өз ойын білдірді.
Пост авторы-С.Талғатқызы




Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru