Материалы за Қыркүйек 2024 года » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қапаста жаны қиылған жыр - Құлагер"
20
қыркүйек
2024
"Қапаста жаны қиылған жыр - Құлагер"
Бүгін мектебімізде әдеби сарынды кеш өтті. Өткізілген іс-шараның тақырыбы: "Қапаста жаны қиылған жыр - Құлагер" Іс-шараның мақсаты: Әдебиет әлеміндегі өз халқының ұлттық қазынасына құнды мұралар қалдырған ұлылардың бірі - Ілияс Жансүгіровтің ұрпақ үшін жасаған парасатты әлемін, білгір суреткерлігін, зор адамгершілік үлгісінің өшпейтін өнегелі мектебін дәріптеу, ұлылардың бойындағы ортақ қасиет болып табылатын көп қырлылығын таныту, насихаттау жас жеткіншектердің бойына ұлттық салт-сананы
"Махамбет оқуларының" қалалық кезеңі
19
қыркүйек
2024
"Махамбет оқуларының" қалалық кезеңі
Қыркүйек айының 18-ші жұлдызында мектебімізде қалалық “Махамбет оқулары” өтті. Мақсаты: Махамбеттің ерлігі мен өрлігін, ақынның отты шығармаларын ұрпаққа дәріптеу, оның жырларын өшірмей, санамызға сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту. Махамбет Өтемісұлы-қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен батыр ақын. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына
"Бала тәрбиесі – басты міндет"
18
қыркүйек
2024
"Бала тәрбиесі – басты міндет"
Бүгін "Н.Островский атындағы №8 орта мектеп" КММ-нде жалпы республикалық «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі алты құндылықтарына «Тәуелсіздік пен Отаншылдық», «Бірлік пен Ынтымақ», «Әділдік пен Жауапкершілік», «Заң мен Тәртіп», «Еңбекқорлық пен Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық пен Жаңашылдық» негізделген облыстық біріңғай тәрбие жоспарына сәйкес «Бала тәрбиесі – басты міндет» тақырында сынып сағаттары өтті. Бірыңғай тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие,
"Үздік сынып жетекші-2024" байқауы: "Шығармашыл ұстаз"
17
қыркүйек
2024
"Үздік сынып жетекші-2024" байқауы: "Шығармашыл ұстаз"
Бүгін "Жетісу облысы Білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік сынып жетекші-2024" байқауына Н.Островский атындағы №8 орта мектебінен 6 "Г" сыныбының сынып жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Амирханова Рулана Шакеровна "Шығармашыл ұстаз" номинациясымен марапатталды. Құтты болсын!
Ата-аналармен тренингтік жаттығу
16
қыркүйек
2024
Ата-аналармен тренингтік жаттығу
Отбасы күніне арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес. Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсете отырып, баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату. Психологиялық қолдау орталықтарына негізделген ата-аналарға арналған тренингті мектеп педагог- психологтары өткізді. 
"Отбасым" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
15
қыркүйек
2024
"Отбасым" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары "Отбасым мақтанышым" тақырыбында сурет көрмесінде белсенділік танытты.
"Отбасым - мақтанышым" челленджі
14
қыркүйек
2024
"Отбасым - мақтанышым" челленджі
Отбасы күні мерекесіне орай мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымы "Отбасым мақтанышым" тақырыбында челлендж жолдады. Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық
“Тілім менің ғасырларға аманат”
13
қыркүйек
2024
“Тілім менің ғасырларға аманат”
10 А сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Шаяхметова Ұ.И. “Тілім менің ғасырларға аманат” тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіл мәртебесін көтеру, оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, шешен сөйлеуге дағдыландыру.
Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына іс-шара
12
қыркүйек
2024
Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына іс-шара
Бүгін мектебімізде атаулы іс-шара аталып өтті. Біздің жерлесіміз Ілияс Жансүгіровтің 130-жылдығы - тілдер мерекесі апталығымен тұспа-тұс келді. Үштілділік білім беру бағытын ұстанып, тілдер апталығында іс-шарамен байланыстырдық. Іс-шараның мақсаты - әдебиет әлеміндегі өз халқының ұлттық қазынасына құнды мұралар қалдырған ұлылардың бірі - Ілияс Жансүгіровтің ұрпақ үшін жасаған парасатты әлемін, білгір суреткерлігін, зор адамгершілік үлгісінің өшпейтін өнегелі мектебін дәріптеу, ұлылардың
Ата-аналар назарына: АПВ-ға қарсы вакцинация
12
қыркүйек
2024
Ата-аналар назарына: АПВ-ға қарсы вакцинация
АПВ-ға қарсы вакцинация қалай жүргізіледі? Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ, ата аналардың өтініші бойынша вакцинацияны тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады. Вакцинация ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен қарсы көрсетілімдер болмаған кезде дәрігердің қарауынан кейін жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакциналар иық бұлшықетіне енгізіледі.
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru