Материалы за Маусым 2024 года » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Күншуақтағы көңілді демалыс": Талдықорған газетінде мақала жарияланды
24
маусым
2024
"Күншуақтағы көңілді демалыс": Талдықорған газетінде мақала жарияланды
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп директоры Долаев Самғат Садырбайұлының "Талдықорған" қалалық газетіне мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагері жайлы мақаласы жарияланды. Өз мақаласында мекеме басшысы "Жазғы алаңның басты мақсаты - жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, көпшілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, спорттық, шығармашылық қабілеттерін ашу, жетілдіру" деп атап көрсетті.
Республикалық садақ ату спорт ойынынан І орын!
23
маусым
2024
Республикалық садақ ату спорт ойынынан І орын!
2024 жылдың 13-20 маусым күндері аралығында Шымкент қаласында республикалық садақ ату спорт ойынынан жарыс өтті. Біздің қала мектептерінен 21 оқушы қатысты. Соның ішінде Н.Островский атындағы №8 орта мектебінен 4 оқушы қатысты. Жарыс нәтижесінде Талдықорған қалалық мектептерінің оқушылары жүлделі І орынды иеленді. Құтты болсын!
“Жолың болсын, Жас түлек!”
14
маусым
2024
“Жолың болсын, Жас түлек!”
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ-де бүгін “Жолың болсын, Жас түлек!” атты мектеп бітіруші түлектерге салтанатты аттестат тапсыру іс-шарасы өтті. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар тапсыру рәсімін мектеп директоры С.Долаев және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Шалабекова өткізді. Бітіру құжаттары бірінші кезекте «Алтын белгі» және «үздік» аттестат иегерлері – Уразгалиева Аяулымға, Зырянова Аринаға, Алиева Дианаға, Болатова Мерейге, Серікболқызы Жұлдызға, Шаймерден
9-сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі
13
маусым
2024
9-сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі
Бүгін Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде "Негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру" салтанатты рәсімі өтті. Мектеп директоры С.Долаев оқушыларды құттықтай отыра, алдағы өмірге сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шалабекова Р.Т. "Негізгі орта білім туралы аттестат тапсыру" бұйрығымен таныстырды. Мектеп бітіруші түлектеріміз өздерінің жылы лебіздерін айтып, ұстаздарына алғысын айтты. Ақ жол, жас түлек!
“Нашақорлыққа жол жоқ!”
11
маусым
2024
“Нашақорлыққа жол жоқ!”
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде “Нашақорлыққа жол жоқ!” ұранымен балалар сурет көрмесі өтті. Балалар өз қиялы арқылы сан түрлі суреттерде аталған зиянды әдеттің болашақ өмірге берер әсерін бейнеледі. Денсаулық - зор байлық дегендей өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, еліннің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.
Мектеп лагерінің кезекті маусымының ашылу салтанаты
10
маусым
2024
Мектеп лагерінің кезекті маусымының ашылу салтанаты
“Күншуақ” мектеп лагерінің 2-ші маусымының ашылу салтанаты өтті. Мектеп директоры С.Долаев бүлдіршіндерді жазғы демалысымен құттықтау сөзін сөйледі. Оқушылар би билеп, әндерін айтып, жазғы демалыс лагерінің алғашқы күнінде белсенділік танытты.
“Күншуақ” мектеп лагері - “Ертегілер әлемінде”
07
маусым
2024
“Күншуақ” мектеп лагері - “Ертегілер әлемінде”
Бүгін “Күншуақ” мектеп лагерінде “Ертегілер әлемінде” ертегі кейіпкерлері күні болды Балалар алдымен таңғы жаттығу жасады. Сосын асфальтта өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің суретін салды.Артынша барлығы сүйікті “Симба” арыстан жайлы “Арыстан патша” мультфильмін тамашалады.
“Күншуақ” мектеп лагерінің 5-ші күні
07
маусым
2024
---
“Күншуақ” мектеп лагерінің 5-ші күні
Бүгін “Күншуақ” мектеп лагерінің 3-ші күні - “Ертегілер әлемінде” ертегі кейіпкерлері күні болды. Балалар алдымен таңғы жаттығу жасады. Сосын асфальтта өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің суретін салды. Артынша барлығы сүйікті “Симба” арыстан жайлы “Арыстан патша” мультфильмін тамашалады.
""Истоки" - Шаған шыңында!"
05
маусым
2024
""Истоки" - Шаған шыңында!"
Мектебіміздің "Истоки" тарихи-өлкетану клубы Zhetysu VISIT ұйымдастыруымен сынып жетекшілер В.Сташкова мен А.Садыкованың бастауымен Шаған шыңына көтерілді. Туристік саяхат Көксу ауданы маңында болды. Оқушылар биік шыңды бағындырып қана қоймай, әсем табиғат көріністеріне куә болып, ерекше әсер алып қайтты.
"Тарихи өлке - Текеліге саяхат!"
04
маусым
2024
"Тарихи өлке - Текеліге саяхат!"
“Балажан” науқаны аясында ата-аналардың еріктілік қызметі ұйымдастырылуда. Осыған орай мектебіміздің 8 “Ә” және 10 “А”, “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшілері А.Турарова, Б.Сағадиеваның бастауымен және ата-аналардың қолдауымен Текелі қаласына саяхатқа барды. Балалар әсем табиғат пен қала көрнекіліктері - ескерткіштер мен Текелінің тарихи жерлерін аралады. Сонымен қатар, сан ғасырдан бері сақталған өлке құндылықтарының тарихымен танысты.
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru